III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

III Международная научно-практическая конференция

The 3-rd International Scientific and Practical Conference

2 - 3 маусым 2016ж

ҚАЗАҚСТАН, Астана қ.


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2016 жылдың 2-3 маусым аралығында «

Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында үшiншi индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы

» атты ІІІ Халықаралық ғылыми –практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты - АКТ – кластерін құру мақсатында білім, ғылым және IT-индустриясының интеграциясын, интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жасау, қолдану, технологиялар трансфертін талқылау және озық тәжiрибемен алмасу, «Қазақстан - 2050» стратегиясын табысты іске асыру тәсiлдерiн анықтау және мүмкіндіктерін бағалау.

Конференция адам іс-әрекетінің барлық салаларындағы интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жасау және тиімді пайдалану аясындағы қазiргi тенденциялар мен инновациялық тәсiлдерді анықтау үшiн конструктивтi диалог алаңы болады.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы Жолдауына сәйкес, бұл конференцияда интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, құру бойынша саясатты қалыптастыратын мәселелерге негiзгi назар аударылады. Конференция аясында технологиялар қоғамды ақпараттандыру үдерісінің катализаторы және маңызды құралы ретінде қарастырылады.

Конференцияға қатысушылар ақпараттық және коммуникациялық технологиялар әлеуетін талқылайды және қазақстандықтардың өмiр деңгейi мен сапасының түбегейлi жоғарылауын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялар мен ақпараттық ресурстарды жасаудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн талдайды.

Конференцияға ҚР білім және ғылым министірлігі өкiлдерi, жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкiлдері, сонымен бiрге эксперттер, педагогтар және жасалуда пайдалану білім беруде АКТ қолдану саласында жаңашылдар, АТ-компаниялары өкiлдері қатысады.

Конференция шеңберiнде тақырыптық дөңгелек үстелдер, мастер-кластар және презентациялар ұйымдастырылады.

Конференция жұмысының бағыттары

1-ші секция: «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру барысында цифрлық қоғамды қалыптастыру.

Үшiншi индустриалды революция – XXІ ғасырдың жаhандық шақыруы; қазiргi және білім берудің тиімді жүйелерін құру – цифрлық ғасырда ел білім беру жүйесінiң ең маңызды мақсаты; еліміздің халықаралық және қауiпсiздiк саясатына жаңа міндет.

2

-ші

секция. Информатика және білім беруді ақпараттандыру

.

Информатиканы үйретудiң мәселелері және АКТ: информатиканы оқытуда сабақтастық, информатиканы оқытуда пән аралық байланыстар және дифференциациялау, қатарлас есептеулер және оқу процесiнде қатарлас есептеулер кластерін пайдалану; информатика және АКТ бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау; электрондық (e-learning ) және ұтқырлық (m-learning ) білім берудің теориясы мен әдiстемесі, білім беруді басқарудағы АКТ, білім беру, индустрия, ғылым салаларына IT-кадрлар дайындау,

Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану жөніндегі АКТ-құзыретті қызметкерлер;
IT секторы үшін адами капиталды дамыту; компьютер ғылымының жаңару уақытында педагогтардың АКТ-құзыреттілігінің үздiксiз дамуы;  хабардарлық - жаһандану жағдайындағы дидактикалық білім беру жүйесі.

3-шi секция. Жасанды зерде.

Бейнелерді айырып тану; компьютерлік лингвистика; шешiмдердi қабылдау жүйесі; нейрондық желiлер; генетикалық алгоритмдер; айқын емес логикалар; табиғи тiлдi өңдеу (морфологиялық, синтаксистiк, мәтінді мағыналық талдаулар), соның ішінде: мәтiндердiң электронды корпустарын құру және пайдалану; электрондық сөздiктер, тезаурустар, онтологиялар жасау; мәтiннен бiлiмдер мен айғақтарды автоматты түрде шығару; мәтiндердi автоматты мазмұндама жасау; сұрақ-жауап жүйесін жасау; символдарды оптикалық айырып тану; сөздi автоматты түрде тану; сөздiң автоматты синтезi; мәтiндердi бiр тiлден басқа тілге автоматты түрде аудару.

4-ші секия.

Математи

калық және компьютерлік моделдеу (пішіндеу)

Математикалық физиканың кері есептеулері, сандық әдістер және теориясы, медицина мен өнеркәсіпте томография әдістері, математикалық модельдер және механика, геофизика, биофизика, электродинамика, акустикадағы әдістер; компьютер қосымшалары және таратылған ақпараттық жүйелер; кiрiстірілген жүйелер; ақпарат қауiпсiздiгi және оны қорғау; компьютерлік графика.

5-шi секция. Қазiргi ақпараттық - коммуникациялық технологиялар және жүйелер: даму үрдiсi және қолдану

.

Ақпараттық жүйелерді әзiрлеудiң қазiргi технологиясы; бұлтты есептеулер; ГРИД - технологиясы; интеллектуалдық ақпараттық жүйелер; қоғамның әр түрлi салаларын ақпараттандыру; ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қауiпсiздiгі және сенiмдiлiгі


Конференция өтетін орыны мен уақыты

Конференция Астана қаласы, Сатбаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өткізіледі.

Конференцияның ашылуы –

2

маусым 2016ж, сағат

10.00

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ , орыс, ағылшын


Өтiнiштердi тiркеу және
тезис және баяндамаларды беру


Конференцияның ашылуында баяндамалар тезисі жинақ ретінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2016 жылдың 15 мамырына дейiн қабылданады.

Баяндамалар тезисі көлемі 4 беттен аспау керек, А4 форматында MS Word 2000/XP мәтіндік редакторында дайындалуы тиісті. Формулалар Microsoft Equation 3.0 формула редакторында, суреттер *.jpg или *.gif форматында ұсынылуы керек.

Бет параметрлері: барлық өрісі – 2 см., шрифт параметрлері: Times New Roman (Unicode), өлшемі 14 пт, бірлік жоларалық интервал.

Жоғарғы сол бұрышта ӘОЖ индексі көрсетіледi, екі аралықтан кейін авторлардың аты-жөнiнiң бiрiншi әрiптерi (бас әрiптермен, жартылай қалың шрифт), екі аралықтан кейін жұмыстың орындалған мекеме атауы, қаласы, елі (жартылай қалың шрифт), екі аралықтан кейін мақала атауы (бас әрiптер, жартылай қалың шрифт), екi аралықтан соң тезис мәтіні (азат жол шегiнiсi - 1 см).

Баяндама тезисiмен файлдың атауы фамилия және қатысушының аты-жөнiнiң бiрiнші әрiптерiмен мазмұндалуы тиіс. Мысалы: asanovAT.doc

Конференцияға қатысу үшін оргшығыны 3000 теңгені құрайды, төлем Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ есеп шотына төлеу арқылы жүзеге асырылады. Түбiртекте конференцияға қатысушының аты-жөнi, «

Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында үшiншi индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы

» конференциясына қатысу деп көрсетілуі керек. Түбiртектiң электрондық көшiрмесiн конференция ғылыми хатшысының e-mail: zhumadillayeva_ak@enu.kz адресіне жiберу керек.

Жол шығыны мен тұру шығындары конференция қатысушыларының есебiнен төленедi.

Банкілік реквизиттері:

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

РГП на ПВХ «Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева»

Кбе 16


БИН 010140003594

РНН 031400075610

Счет KZ91998BTB0000003104

БИК TSES KZ KA

Банк Бенефициар АО «Цеснабанк» 

Байланыстар

Өтініштерді қабылдау, тезистер мен баяндамалар, жарияланымдар сұрақтары бойынша келесі адреске хабарласуыңызға болады:

010008, Қазақстан Республикасы,

Астана қ., Пушкин көшесі 11,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №2 ғимарат, 2 қабат, 203 бөлме

Конференцияның жауапты хатшысы: т.ғ.к. Жумадиллаева Айнур Канадиловна.


Телефон: (7172) 709-500 (31359) Моб: 8-702-529-59-99

e-mail: zhumadillayeva_ak@enu.kz


Заявка на участие в научном мероприятии


________________________________________________________, именуемый (ое) в дальнейшем _____________________________________________________________________

(наименование организации)

Участник, направляет для участия в научном мероприятии _____________________________________________________________________________

(наименование мероприятия)

по теме __________________________________________________________, организуемом и проводимом РГП на ПХВ Евразийским национальным университетом им. Л.Н. Гумилева «____»___________ 20___ года в г. Астане следующих представителей Участника:
- фамилия, имя, отчество ____________________________________________________________
- место работы, должность ___________________________________________________________
- ученая степень, звание _____________________________________________________________

- контактные телефоны ______________________________________________________________

- факс _________________________ E-mail ___________________________________________

- название доклада, секция _____________________________________________________________________ - направление, к которому относится сообщение ________________________________________

- форма участия в конференции – необходимое подчеркнуть (публикация статьи без личного участия; публикация статьи; устный доклад; устный доклад без публикации);

- необходимые технические средства для демонстрации материала:

________________________________________________________________________________

- потребность в гостинице: да нет

Участник:

______________________________________ ______________

(подпись руководителя организации или уполномоченного лица) (дата) М.П.
©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Iii халықаралық ғылыми-практикалық конференция III международная научно-практическая конференция


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева

L.N. Gumilyov Eurasian National University


?


il----na-dobru-zgadku-pro.html

il--twat-gros-come-in-jan.html

il--y---atalar-deyir.html

il-21-gennaio-del-1921-.html

il-61-1-9--126-2-3-v-127.html